Accessibility links

Алматы-Өскемен бағытына жаңа пойыз жүре бастады


Аягөз темір жол бекетінде тұрған пойыз жолаушылары. Шығыс Қазақстан облысы. 03 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Аягөз темір жол бекетінде тұрған пойыз жолаушылары. Шығыс Қазақстан облысы. 03 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгіннен бастап Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы орталығы Өскемен қаласы арасында «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын жүрдек жолаушылар пойызы жүре бастайды.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының хабарлауынша, күнара жолға шығатын пойыз Алматыдан Өскеменге дейінгі аралықты 17 сағат 45 минутте жүріп өтсе, Өскеменнен Алматыға дейін 17 сағат 08 минут жүріп жетеді.

Пойызға барлығы 22 вагон тіркелген. Оның екеуі «Гранд» санатындағы, екеуі «Бизнес», он төрті «Турист» санатындағы вагондар болмақ.

Пойыз жолда Сарыөзек, Үштөбе, Матай, Ақтоғай, Айгөз және Шар бекеттерінде аялдайды.

XS
SM
MD
LG