Accessibility links

"Әділ сөз": Постер жайлы шешім Жоғарғы сот қаулысына қайшы


Havas Worldwide Kazakhstan агенттігінің Facebook парақшасындағы мәлімдемесі. 25 тамыз 2014 жыл.
Havas Worldwide Kazakhstan агенттігінің Facebook парақшасындағы мәлімдемесі. 25 тамыз 2014 жыл.

Қазақстандық «Әділ сөз» құқық қорғау ұйымы Алматының Алмалы аудандық сотының даулы постер шығарған жарнама агенттігін миллиондаған теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеген шешіміне қатысты түсініктеме берді.

Ұйым Қазақстан Жоғарғы сотының «Моральдық залалға өтемақы өндіріп алу туралы» нормативтік қаулысында «моральдық шығын азаматтар біреудің жеке мүліктік емес құқығы мен игілігіне заңға қайшы әрекеттер арқылы залал келтірген жағдайда ғана төленетінін», өзге жағдайда моральдық шығын өтелмейтіні жазылғанын атап көрсеткен.

Бұған дейін Алмалы соты қазақ композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы мен орыс ақыны Александр Пушкиннің «сүйіскен» бейнелері салынған постер шығарғаны үшін Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігін сотқа берген Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 34 студенті атынан түскен талап-арызды қанағаттандырған. Судья жарнама агенттігін арыз иелеріне «моральдық залалдың өтемі» ретінде 34 миллион теңге (187,5 мың доллар – ред.) төлеуге міндеттеген.

Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің өкілі Дария Хамитжанова сот шешіміне апелляциялық шағым беретіндерін айтты.

XS
SM
MD
LG