Accessibility links

Ерлан Арынның ісі қосымша тергеуге жіберілді


Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын. Астана, 04 қазан 2013 жыл. Қазақстан президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі сайтындағы сурет.
Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын. Астана, 04 қазан 2013 жыл. Қазақстан президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі сайтындағы сурет.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның үстінен қозғалған қылмыстық істі сот қосымша тергеуге жіберген. Бұл туралы бүгін баспасөз өкілдеріне мемлекеттік қызмет және коррупциямен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров хабарлаған.

"Қазір бұған дейін тағылған айыптардан тек қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану және аса ірі көлемде пара алу және заңдастыру айыптары ғана қалды" деген ол.

Қожамжаров бұған қоса "дәлелденбеген фактілер бойынша айып таққан" агенттік қызметкерлеріне "тиісті баға берілетінін" айтқан.

Ерлан Арынды қаржы полициясы наурыздың басында "қаржы жымқырды" және "аса ірі көлемде пара алды" деген күдікпен тұтқындаған еді. Ол былтыр желтоқсан айында "өз өтініші бойынша" қызметінен босатылған.

XS
SM
MD
LG