Accessibility links

Мәскеуде сталиндік террор құрбандарын еске алды


Мәскеудің Лубянск алаңында өткен сталиндік террор құрбандарын еске алу акциясы. 29 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Мәскеудің Лубянск алаңында өткен сталиндік террор құрбандарын еске алу акциясы. 29 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Мәскеуде сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын еске алып жатыр. Лубянск алаңындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Соловецкий камень» ескерткіші жанында «Мемориал» құқық қорғау ұйымының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында өткізетін «Возвращение имен» акциясы басталды.

Таңертеңгі сағат 10-нан кешкі сағат онға дейін құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, азаматтық белсенділер мен қарапайым тұрғындар кезек-кезегімен сталиндік террор жылдары Мәскеуде атылғандардың аты-жөнін оқиды. Акция барысында 30 мың адамның аты-жөні, жасы, кәсібі мен атылған күні оқылады. Тұрғындар ескерткішке гүл шоқтарын, шырақтар мен қуғынға ұшырағандардың суреттерін қояды.

«Возвращение имен» акциясын 2006 жылдан бастап өткізіп келе жатқан «Мемориал» ұйымымның дерегінше, «Үлкен террор» деп аталған 1937-1938 жылдары Мәскеуде 30 мыңға тарта адам атылған.

1974 жылы совет диссиденті әрі құқық қорғаушысы Кронид Любарскийдің ұсынысымен 30 қазан – СССР-дегі саяси тұтқындар күні деп жарияланған. 1991 жылы 18 қазанда Ресей жоғары кеңесінің шешімімен саяси тұтқындар күні мемлекеттік күнтізбеге «Еске алу күні» деп енгізілген.

XS
SM
MD
LG