Accessibility links

Қырғызстанда жол жабуға қолданатын жаза күшейді


Қырғызстандағы жолды жауып тастаған наразылық шарасы. Ыстықкөл, 4 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы жолды жауып тастаған наразылық шарасы. Ыстықкөл, 4 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 29 қазанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерге қол қойды. Жаңа түзетулер бойынша Қырғызстанда наразылық білдірудің ең жиі қолданылатын әдісі - жолды заңсыз жабудың жауапкершілігі күшейтіледі.

Енді жолды заңсыз жапқандарға 1 мың 100 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынуы немесе бес тәулікке қамалуы мүмкін. Бұған дейін жолды жапқаны үшін салынатын айыппұл көлемі 80 АҚШ доллары болатын.

Стратегиялық маңызы бар жолдарды бір тәуліктен астам уақыт бойы жапқандар үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

Соңғы жылдары Қырғызстанда үкіметке қарсы түрлі наразылық шараларына шығушылар жолдар мен магистралдарды жауып, кейде көлік қозғалысын бірнеше аптаға тоқтатып тастап жүр.

XS
SM
MD
LG