Accessibility links

БҰҰ мен ЕО Украина шығысында өтетін сайлауды айыптады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ, Еуропа Одағы мен АҚШ Украинаның шығысындағы кейбір аудандарды басып алған ресейшіл сепаратистердің 2 қарашада сайлаулар өткізу ниетін айыптады.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун сепаратистердің сайлауы Украинаның конституциясы мен заңдарына қайшы келетінін мәлімдеді. БҰҰ басшысы мұндай әрекеттер қыркүйектің 5-інде Минскіде жасалған бейбіт келісімді бұзады дейді.

ЕО-ның Ресейдегі өкілдегінің басшысы Вигаудас Ушацкас Ресейдің өзін-өзі "халық республикалары" деп жариялап алған Донецк мен Луганск облыстарындағы сайлау нәтижилерін заңды деп тану ниеті Еуропаның Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар салуына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. Қазанның 29-ында Мәскеуде сөйлеген Ушацкас Ресейдің сепаратистер сайлауын мойындауы Украинадағы қақтығыстың түйінін шешуге септесетініне күмән келтірді.

Қазанның 28-і күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "АҚШ халықаралық қауымдастықпен бірге Украина заңдарына сай өткізілмеген жағдайда сепаратистер сайлауын мойындамайды" деп мәлімдеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG