Accessibility links

Нұрлан Жоламановқа айып тағылып қамалды


Шекара. (Көрнекі сурет).

Шекара. (Көрнекі сурет).

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов желтоқсанның 27-сіне дейін қамауға алынды деп хабарлайды әскери сотқа сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері.

Әскери соттың баспасөз қызметінің дерегінше, қазанның 29-ы күні кешке Ақмола гарнизонының әскери соты Жоламановты бұлтартпау шарасына қатысты материалдарды қарап, желтоқсанның 27-сіне дейін қамауға алу туралы санкция шығарған.

Мәліметке қарағанда, Жоламановқа "ұйымдасқан трансұлттық қылмыстық топ құрып, басқарды" және "пара алды" деген айыптар тағылған.

ҰҚК қазанның 27-сінде «ҰҚК шекара қызметінің лауазымды тұлғаларының қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану фактілерін тексеру аясында» қылмыстық іс қозғалғаны және қылмыс жасаған деген күдікпен шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламановтың ұсталғанын хабарлаған.

Нұрлан Жоламанов шекара қызметінің басшылығына 2013 жылдың қаңтарында тағайындалған еді. Оған дейін Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG