Accessibility links

USAID Орталық Азияға арналған жаңа бағдарламасын бастады


USAID ұйымы Орталық Азия бойынша басшыларының баспасөз мәслихаты. Алматы, 30 қазан 2014 жыл.
USAID ұйымы Орталық Азия бойынша басшыларының баспасөз мәслихаты. Алматы, 30 қазан 2014 жыл.

Бүгін АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Орталық Азияға арналған 2015-2019 жылдарды қамтитын жаңартылған cтратегиясын іске асыруға кіріскенін хабарлады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматыда USAID агенттігінің жаңа бағдарламасын жүзеге асыра бастау туралы өткен жиынға USAID-тің Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша администраторының көмекшісінің орынбасары Манприт Ананд, агенттіктің Орталық Азиядағы миссиясының директоры Джонатан Эддлтон және АҚШ-тың Қазақстандағы істері бойынша уақытша сенімді уәкілі Майкл Клечески қатысты.

USAID жаңа бағдарламасында негізгі үш бағыт - бәсекеге қабілетті және түрлі сипаттағы сауда мен нарықтарды дамыту, ортақ энергетикалық су қорларын пайдалануда аймақтық ынтымақтастықты жақсарту және қоғамға қызмет жасайтын тиімді және инклюзивті басқару институттарын дамыту бойынша жұмыс істемек.

Джон Эддлтонның айтуынша, "жаңа бағдарламаның іске қосылуы АҚШ-тың Орталық Азиямен өзара әрекеттестігінің жаңа кезеңін бастайды.

USAID агенттігі 1992 жылдан бастап Орталық Азия елдерінің экономикалық дамудың тиімділігін арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау саласының сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарына қолдау көрсетіп келеді.

USAID-тың жаңа стратегиясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:56 0:00
Жүктеп алу

XS
SM
MD
LG