Accessibility links

Ержан Өтембаев мерзімінен бұрын босатуға өтініш берді


Алтынбек Сәрсенбайұлы мен көмекшілерін өлтіруге қатысты айыпталған Ержан Өтембаев. Алматы облысы, Қаскелең кенті, 22 қаңтар 2014 жыл.

Алтынбек Сәрсенбайұлы мен көмекшілерін өлтіруге қатысты айыпталған Ержан Өтембаев. Алматы облысы, Қаскелең кенті, 22 қаңтар 2014 жыл.

Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі серігінің өліміне қатысты айыпталған сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөнінде өтініш берді. Бұл жөнінде Азаттыққа қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның өтініші сотқа жөнелтілген.

Жергілікті ақпарат құралдарына берген жауабында қылмыстық атқару жүйесі комитеті «Өтембаевтың абақты режимін бұзбағанын, керісінше жақсы жағынан көрінгенін» атап өткен.

Ержан Өтембаев Астана маңындағы 166/10 қылмыстық жазалау мекемесінде қамауда отыр.

2006 жылы ақпан айында Қазақстан оппозициясы басшыларының бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы екі көмекшісі - Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынмен бірге Алматыда жұмбақ жағдайда кісі қолынан қаза тапқан еді.

Сол жылы сот бұл қылмысқа парламент сенаты аппаратының жетекшісі болған Ержан Өтембаев «тапсырыс берген» деп, оны 20 жылға соттаған.

Ал 2013 жылы 20 желтоқсан күні Қазақстанның бас прокуратурасы "Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге шын мәнінде Рахат Әлиев тапсырыс берген" деп мәлімдеді.

Бас прокуратура 2013 жылы 11 желтоқсан күні Ибрагимов келтірген мәліметтер мен жаңа деректерге сүйеніп, жоғарғы соттан Сәрсенбайұлы мен оның екі серігінің өліміне қатысты сот үкімін қайта қарауды сұрады.

Жоғарғы сот 19 желтоқсан күні Өтембаевқа қатысты үкім күшін ішінара жойып, істі Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотына қайта қарауға жіберген. Ақпанның 3-і күні Ержан Өтембаевқа қайта үкім шығып, "қылмысқа айдап салушы" ретінде 13 жылға сотталды.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG