Accessibility links

Шығыс Украинада жікшілдер «сайлау» өткізбек


Өзін өзі жариялаған «Луганск халық республикасы» жетекшісі Игоря Плотницкий (ортада). Луганск, 31 қазан 2014 жыл.

Өзін өзі жариялаған «Луганск халық республикасы» жетекшісі Игоря Плотницкий (ортада). Луганск, 31 қазан 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарындағы сепаратистер 2 қараша күні осы облыстарда өздері жариялап алған «халық республикаларында» жеке парламент пен басшыларының «сайлауларын» өткізбек.

«Луганск халық республикасы» басшысы қызметіне төрт кісі «сайлауға» түсетіндерін мәлімдеген. Олардың бірі сепаратистердің қазіргі жетекшісі Игоря Плотницкий. «Донецк халық республикасы» басшысы болғысы келетін үш адамның арасында жікшілдер жетекшісі Александр Захарченко де бар. Бұлардан өзге екі «халық республикасында» да «халық кеңесі» құрамына бірнеше «әлеуметтік қозғалыс» өкілдері «дауысқа» түспекші.

Сенбі күні сепаратистер «сайлау» өткізу үшін 3 миллион бюллетень басылғанын және интернет арқылы дауыс беру басталғанын мәлімдеген.

Киев, БҰҰ бас хатшысы Пан ГИ Мун және батыс елдері Украинаның шығыс аймақтарындағы бұл «сайлау» заңсыз дейді. Ресей билігі Украинаның шығысындағы «сайлауды» заңды деп тануға дайын екендігін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG