Accessibility links

Францияда полиция мен наразылар қақтығысты


Полиция мен наразы жастар. (Көрнекі сурет)

Полиция мен наразы жастар. (Көрнекі сурет)

Сенбі күні Францияның екі қаласы – Нант пен Тулузада полиция күшімен болған қақтығыстарда бірнеше адам жарақат алған. Нант қаласында тас және жанғыш сұйық зат құйылған бөтелкелер лақтырған наразыларды жуасыту үшін полиция көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атқан. Оқиға салдарынан кемінде бес демонстрант пен үш полицей зардап шеккен. Нант қаласында 21, Тулузада – 13 адам ұсталған.

Нант пен Тулузадан өзге Лилль, Бордо мен Авиньон қалаларында да өткен наразылықтарға қазанның 26-с күні полициямен қақтығыста экологиялық қозғалыс белсендісі Реми Фрейстің мерт болуы себеп болған. Премьер-министр Мануэль Вальс тәртіпсіздіктерді айыптады.

Францияда жаппай наразылық акциясы кезінде адам қаза болуы 1986 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

XS
SM
MD
LG