Accessibility links

Мәскеуде дәрігерлер наразылыққа шықты


Медицина саласы қызметкерлерінің наразылық акциясына қатысушылар. Мәскеу, 2 қараша 2014 жыл.
Медицина саласы қызметкерлерінің наразылық акциясына қатысушылар. Мәскеу, 2 қараша 2014 жыл.

Ресей астанасындағы Суворов алаңында «Мәскеуде медицина саласын күйрету тоқтатылсын!» деген атаумен өткен наразылық шеруіне медицина саласында еңбек ететін жүздеген адам шықты. Олар қала билігінің денсаулық сақтау саласында жүргізіп отырған саясатын сынап, ауруханаларды жаппауды және жұмыстан қысқартпауды талап етті.

Дәрігерлердің билікке талабын олармен бірге бүгінгі жиында сөйлеген құқыққорғаушылар, «Яблоко», РПР-Парнас партияларының өкілдері қолдады.

Соңғы кездері медицина қызметкерлері арасында Мәскеудегі кейбір медицина мекемелерінің ғимараттарын жеке меншікке беруге құжаттар дайындалып жатқаны және наразылық шарасына қатысқандарды жұмыстан шығармақшы деген ақпарат тараған еді.

XS
SM
MD
LG