Accessibility links

БҰҰ: Ғаламдық жылыну - адам әрекетінің салдары


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ-ның климат мәселесімен айналысатын мамандары Копенгагенде кезекті есебін жариялады. Онда ғаламдық жылыну процесінің жүріп жатқаны және оның адам іс-әрекетінің салдарынан болып жатқаны анық деген тұжырым жасалған.

БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық комиссиясы есебінде бұл құбылыспен күресу үшін осы ғасыр соңына дейін атмосфераға парник газдары қалдығын шығаруды мүлдем доғару қажет болатыны айтылған. Есептің соңғы төртінші бөлігінде климатта кері өзгерістер болатыны туралы болжамдар жасалып, дүниежүзін мұнайға, көмір мен табиғи газға тәуелділіктен арылуға шақырған.

Есеп желтоқсанда Перуде өтетін ғаламдық жылынумен күрес шаралары жөніндегі келіссөздер қарсаңында жарияланып отыр. Есепті таныстыру жиынында сөйлеген БҰҰ бас хатшгысы Пан Ги Мун «Ғылым өз сөзін айтты. Бұл жолдауда екіұшты нәрсе жоқ. Әлем елдерінің басшылары әрекетке көшуі керек. Уақыт бізге қарайлайтын емес» деді.

XS
SM
MD
LG