Accessibility links

ЕО: Украинаның шығысындағы «сайлау» - заңсыз


ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини.

ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини.

Еуропа Одағы (ЕО) Украинаның шығысындағы сепаратистер өткізген «сайлауларды» «бейбітшілікке кедергі келтіреді» және заңсыз деп санайды. Бұл туралы ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини мәлімдеді.

Ол Украина заңнамалары және қыркүйекте Минскіде жасалған бейбіт келісім бойынша өткізілуі тиіс жергілікті билік органдарына кезектен тыс сайлау ғана «аталған аймақтардағы билікті заңды негізде өзгерте алатынын» айтты.

Минск келісімінде Украинаның шығысындағы сепаратистер бақылауындағы аймақтарда кезектен тыс жергілікті билік сайлауларын желтоқсан айының басында өткізу белгіленген.

Ресей сыртқы істер министрлігі Украинада жексенбі күні сепаратистер өткізген «сайлау» нәтижелерін заңды деп танитыны туралы мәлімдеме таратты. Мәскеу бұл «сайлаулар» аймақтың «қалыпты өмір салтына оралуына мүмкіндік береді» деген.

XS
SM
MD
LG