Accessibility links

Румыния президенті сайлауының екінші туры өтуі мүмкін


Румынияның қазіргі президенті Траян Бэсеску сайлауда дауыс беріп тұр. Бухарест, 2 қараша 2014 жыл.

Румынияның қазіргі президенті Траян Бэсеску сайлауда дауыс беріп тұр. Бухарест, 2 қараша 2014 жыл.

Румынияда қарашаның 2-сінде өткен президент сайлауы кезінде экзит-полл жүргізгендер сайлау жеңімпазы дауыс берудің екінші кезеңінде анықталуы мүмкін деген қорытынды жасады.

Сауалнама нәтижесі бойынша, сайлауда қазіргі премьер-министр, социал-демократтар атынан түскен Виктор Понта мен Ұлтшыл-либералдық партия жетекшісі Клаус Йоханнис алда келеді. Бірақ бұл екеуі де бірінші кезеңде жеңіске жетерліктей дауыс жинай алмаған.

Сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 52 пайызы қатысқан. Егер жеңімпаз бірінші турда айқындалмаса, дауыс берудің екінші кезеңі қарашаның 16-сына белгіленеді.

Қазіргі президент Траян Бэсеску бұған дейін екі рет осы қызметке сайланған. Ел конституциясына сәйкес, енді президенттікке жаңа адам сайлануы тиіс.

Румынияда қазір экономикалық рецессия мен коррупцияның тамыр жаюы басты проблемалар қатарында тұр.Бұған дейін үкіметке жиырма миллион тұрғыны бар елді тиімді басқара алмай отыр деген сын бірнеше рет айтылған.

XS
SM
MD
LG