Accessibility links

Порошенко жікшілдер «сайлауын» айыптады


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Киевтің қарашаның 2-сі күні елдің шығысындағы сепаратистер бақылауындағы аймақтарда билік органдарына өткен «сайлауларға» қатысты Киевтің ұстанымын білдірді.

«Оккупацияланған Донецк және Луганск облыстарының кей аудандарында өткен «сайлаудың» азаматтардың қалау еркін білдіруімен еш қатысы жоқ және ол Минск бейбіт келісімін өрескел бұзады» деді Порошенко.

Украина президенті сепаратистер «сайлауын» «қару кезеп өткізілген фарс» деп атады.

«Әлемнің жетекші елдері мен ықпалды халықаралық ұйымдар бұл «сайлауларды» айыптады. Жалған «сайлауларды» Ресей де заңды деп танымайды деп санаймын» деді ол.

Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеу Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында өзін-өзі жариялаған «халық республикалары» билігін «сайлаулар» нәтижесін мойындайтынын мәлімдеген еді.

Сепаратистер «сайлауларын» заңсыз деп танығандар арасында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуропа Одағы, АҚШ және басқа да батыс елдері бар.

Украина қауіпсіздік қызметі осы «сайлауға» қатысты «конституциялық құрылымды күшпен ауыстыруға немесе мемлекеттік билікті басып алуға бағытталған әрекет» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG