Accessibility links

Ресей мен Қытай Антарктидада қорық құруға қарсы


Антарктида жағалаулары. (Көрнекі сурет).
Антарктида жағалаулары. (Көрнекі сурет).

Ресей мен Қытай халықаралық қауымдастықтың Антарктида суларында әлемдегі ең үлкен теңіз қорығын құру идеясына тосқауыл қойды.

Австралияның Хобарт қаласында 31 қазан күні өткен жиында Ресей делегациясы Антарктиданың теңіз жануарлары ресурсын сақтау комитетінің теңіз жануарларын қорғайтын қорық құру туралы ұсынысын төртінші рет қабылдамай тастады.

Қытай делегациясы бұған дейін теңіз экологиясын қорғауды қолдап келген еді. Бұл жолы Қытай делегациясы да Антарктидада қорық құру идесын қолдамай тастады.

Бұған дейін Ресейді жақтап, қорық құруға қарсы болып келген Украина бұл жолы позициясын өзгертіп, қорық құру жоспарын қолдады.

АҚШ делегациясы басшысы Эван Блум "Біз әлемде ең үлкен теңіз қорығын құруға үміттенген едік" деді.

Антарктидада теңіз жануарларының 10 мыңнан астам түрі, оның ішінде әлемдегі пингвиндердің, киттердің, теңіз құстары мен кальмарлардың көпшілігі тіршілік етеді.

XS
SM
MD
LG