Accessibility links

"Қазақтелеком": Азаттық сайтын бұғаттаған жоқпыз


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстандағы ең ірі интернет провайдері «Қазақтелеком» компаниясы Азаттықта жарияланған Назарбаев туралы мақаланың бұғаулануына "еш қатысы жоғын" мәлімдеді. Бұл туралы компания 3 қараша күні Азаттыққа ресми түрде жолдаған жауабында жазған.

31 қазан күні Азаттық оқырмандары Қазақстанның әр өңірінен хабарласып, қазанның 23-і күні жарияланған «Қазақ мемлекеттілігі хақындағы Назарбаев пікірінің «эволюциясы» атты мақаланың орыс тіліндегі нұсқасын оқи алмай жатқандарын айтқан болатын.

Бұл мақалада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақта бұрын мемлекет болды ма?" деген мәселеге орай қарама-қайшы пікір айтқаны туралы жазылған.

Биыл тамызда Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Назарбаевтың "қазақтарда тәуелсіздік алғанға дейін мемлекеттілік болған жоқ" деген пікірін қайталап айтқан еді. Ал таяуда Қазақстан билігі келесі 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге шешім қабылдаған.

Мақаланың Қазақстан аумағында ашылмай тұрған орысша нұсқасын Азаттықтың Facebook-тегі парақшасынан оқуға болады.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG