Accessibility links

Қырғыз президенті экстремизмді қатерлі ісікке теңеді


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елде "діни экстремистік ұйымдарға қарсы ең қатаң шараларды" қолдануға уәде берді.

Бішкекте бүгін Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің жиынында сөйлеген Атамбаев "діни экстремизм қатерлі ісік сияқты, оны емдеусіз қалдыруға болмайды" деді.

Атамбаев мұсылмандар басым тұратын елде "Қырғызстанның зайырлы мемлекет екенін қабылдағысы келмейтін" дін өкілдері "қатаң құқықтық жауапкершілікке тартылатынын" ескертті.

Ол қырғызстандықтардың көпшілігі мұсылмандар екенін және қашан да мұсылман болып қалатынын, бірақ радикалдану "қоғамның арабтануына және қырғыздарды тілі мен дәстүрінен айыруға әкеп соқтыратынын" айтты.

Қырғызстан үкіметі бұған дейін жүздеген қырғыз азаматы Сирияда содырлар жағында соғысып жүргенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG