Accessibility links

Киев жікшілдерге қатысты саясатын өзгертпек


Сепаратистердің бақылауындағы Донецк облысындағы "сайлау". Украина, 2 қараша 2014 жыл.
Сепаратистердің бақылауындағы Донецк облысындағы "сайлау". Украина, 2 қараша 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко үкімет ресейшіл сепаратистер елдің шығысында «сайлаулар» өткізу арқылы бейбіт келісім шарттарын бұзғаннан кейін Минск келісімі бойынша өзіне алған міндеттемелерін қайта қарайтынын мәлімдеді.

Халыққа үндеуінде Порошенко дағдарысты реттеу жоспарына өзгерістер енгізу үшін қарашаның 4-і күні ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің жиынын өткізетінін айтты.

Ресейшіл жікшілдер Донецк және Луганск облыстарындағы өздері бақылайтын аудандарда қарашаның 2-сінде аймақ басшысы мен «халық кеңестерінің» «сайлауын» өткізіп, сепаратистердің екі жетекшісінің «жеңіске жеткенін» жариялаған.

Халықаралық қауымдастық пен батыс елдері Украинаның шығысындағы «сайлауды» заңсыз деп мәлімдеген. АҚШ Ресейдің Украинадағы сепаратистер «сайлауын» мойындауын «Минскіде жасалған келісімге қайшы келеді» деп атаған.

XS
SM
MD
LG