Accessibility links

Ресейде Стив Джобсқа ескерткішті алып тастады


Джобсқа орнатылған ескерткішті алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

ВИДЕО: Стив Джобсқа орнатылған ескерткішті алу. Санкт-Петербург, 3 қараша 2014 жыл.

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың Apple компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тим Кук өзінің гей екенін мойындаған соң, осы компанияның негізін қалаушы әрі бұрынғы басшысы Стив Джобсқа Санкт-Петербург қаласында қойылған ескерткіш алынып тасталған.

Интерактивті экранына Стив Джобстың бейнесі салынған, алып iPhone түріндегі монумент былтыр қаңтар айында жергілікті компаниялардың бірінің бастамасы бойынша Ақпараттық технология, механика және техника университетінің территориясына орнатылған еді.

«Бизнес FM» радиостанциясының хабарлауынша, ескерткішті орнатқан компанияның басшысы Максим Долгополов Стив монументі Ресейде кәмелетке толмағандар арасында гомосексуализмді «насихаттауға» тыйым салатын заң талаптарын орындау үшін алып тасталғанын айтқан.

ТАСС агенттігі университет басшылығына сілтеме жасап, ескерткіштің «жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін» алынғанын хабарлады.

Тим Кук өзінің гей екенін жариялаған соң Санкт-Петербургтегі жыныстық азшылық өкілдеріне қарсы белсенділердің бірі Виталий Милонов Apple басшысының Ресейге кіруіне тыйым салу туралы ұсыныс айтқан еді.

XS
SM
MD
LG