Accessibility links

Көркею индексінде Қазақстан 55-орында


Legatum Institute ұйымының 2014 жылға арналған көркею индексіндегі Қазақстанның орны. Сурет www.prosperity.com сайтынан алынды. 4 қараша 2014 жыл.
Legatum Institute ұйымының 2014 жылға арналған көркею индексіндегі Қазақстанның орны. Сурет www.prosperity.com сайтынан алынды. 4 қараша 2014 жыл.

Лондонда орналасқан Legatum Inctitute ұйымы даярлаған әлем елдерінің 2014 жылға арналған көркею индексінде (Prosperity index) Қазақстан сегіз орынға төмендеп, 55-орынға түсті. Индекс жыл сайын әлемнің 142 мемлекетіндегі азаматтардың әл-ауқаты, денсаулығы мен өздерін бақытты сезіну көрсеткіштеріне негізделіп жасалады.

Былтыр 47-орында тұрған Қазақстанның биыл «мемлекеттік басқару» категориясы бойынша көрсеткіштері төмендеген. Ал «әлеуметтік капитал» категориясы бойынша көрсеткіштері жақсарған.

Көркею индексіндегі алғашқы бестікті Норвегия, Швейцария, Жаңа Зеландия, Дания және Канада бастаған.

Постсоветтік елдер арасында Ресей де индексте 2013 жылғы 63-орыннан биыл 68-орынға төмендеген. Беларусь – 53, Өзбекстан – 57, Қырғызстан – 74, ал Украина – 64-орында тұр.

XS
SM
MD
LG