Accessibility links

Нью-Йоркте 2001 жылғы теракт орнында жаңа ғимарат ашылды


Бұрынғы Дүниежүзілік сауда орталығының қос ғимаратының орнына салынған нысан. Нью-Йорк, , 2 мамыр 2013 жыл.
Бұрынғы Дүниежүзілік сауда орталығының қос ғимаратының орнына салынған нысан. Нью-Йорк, , 2 мамыр 2013 жыл.

Нью-Йоркте қарашаның 3-і күні бұрынғы Дүниежүзілік сауда орталығының қос ғимаратының орнына салынған 104 қабатты жаңа ғимараттың ашылу салтанаты өтті. Алғаш болып ғимаратқа Conde Nast баспасының қызметкерлері кірді.

Архитектор Ти Джей Готтесдайнердің жобасы бойынша сегіз жыл салынған АҚШ-тағы ең биік (541 метр) ғимарат құрылысының құны төрт миллиард АҚШ долларына түсті. Ғимаратты салғандар оны әлемдегі ең қауіпсіз нысандардың бірі дейді. Әзірге ғимараттағы кеңселердің 60 пайыздан астамы жалға берілген.

Нью-Йоркте 2001 жылы 11 қыркүйекте террористер екі жолаушылар ұшағын айдап әкетіп, Дүниежүзілік сауда орталығының қос ғимаратына әкеп соғып қиратқан еді. Террористер айдап әкеткен тағы бір ұшақты Пентагонның ғимаратына бағыттаған. Төртінші ұшақ Пенсильвания штатында құлаған. Бұл терактілердің салдарынан үш мыңға жуық адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG