Accessibility links

Бас прокуратура: Әблязовті әкелуге тырысып жатырмыз


Мұхтар Әблязовты сотқа әкеле жатыр. Лион, 17 қазан 2014 жыл.

Мұхтар Әблязовты сотқа әкеле жатыр. Лион, 17 қазан 2014 жыл.

Қазақстан Франция билігін бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы өтінішін қаратқызуға тырысып жатыр деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бүгін таратқан мәлімдемесінде прокуратура Қазақстан, Украина және Ресей 2013 жылдың тамызында Францияға Әблязовті экстрадициялауды сұрап, жеке-жеке өтініш бергенін айтады. Сонымен бірге құжатта прокуратураның Әблязовті «Украинадан немесе Ресейден Қазақстанға экстрадициялау туралы келіссөздер жүргізбейтіні, халықаралық құқықтық нормаларын қатаң ұстанып, халықаралық құқықтық келісімдері мен міндеттемелерін құрметтейтіні» айтылған.

Францияның Лион қалалық соты қазанның 24-і күні Мұхтар Әблязовті Ресей мен Украинаға экстрадициялауға шешім шығарған. Сот Әблязовқа кассациялық сотқа шағым жасауға үш ай мұрсат берген. Әблязовтің туыстары мен құқыққорғаушылар Қазақстанда оны азаптау мен әділетсіз сот күтіп тұрғанын айтып, Францияны Мұхтар Әблязовті сұраған елдердің ешқайсысына бермеуге шақырған.

БТА Банкі директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов 2013 жылы Францияда тұтқындалған еді. Қазақстан, Ресей мен Украина оны «қаржы қылмысын жасаған» деп айыптайды. Ал Әблязов Қазақстанда өзін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың режимін сынағаны үшін саяси астары бар себептермен қудалап отыр деп есептейді.

XS
SM
MD
LG