Accessibility links

ХВҚ Орталық Азия экономикасына болжам жасады


Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы бас кеңсесі. (Көрнекі сурет)
Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы бас кеңсесі. (Көрнекі сурет)

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) бүгін Орталық Азия мен Кавказ елдерінің жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі 2014 жылы 5.5 пайыз, 2015 жылы – 5.6 пайызды құрайды деген болжамын жариялады.

Аймақ елдері экономикасының дамуы туралы даярлаған есебінде ХВҚ биыл Орталық Азия мен Кавказ аймағы елдерінде 2014-2015 жылдары инфляция деңгейі 6.4 пайызында болуы мүмкін екені айтылған. ХВҚ Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы экономикалық белсенділік негізінен экономикалық өсімнің қысқа мерзімдік баяулауы, Ресейден бұл елдерге аударылатын қаржы мен салынатын инвестиция көлемінің азаюынан туындап отыр дейді.

«Ішкі сұраныстың төмендеуі мен Ресей экономикасы өсімінің баяулауының жанама әсерлері Орталық Азия мен Кавказ аймағында 2014-2015 жылдары экономикалық өсімнің шамамен 5.5 пайызға дейін төмендеуіне әкеп соқтырады. Бұл биыл мамыр айында жасалған болжамнан 0.75 пайызға төмен» дейді ХВҚ.

Халықаралық валюта қоры өз болжамына қоса, аймақ елдері экономикалық тұрақтылықты нығайту саясатын жүзеге асырып, қажет болса экономикалық өсімді қысқа мерзімге қолдау көрсетуі қажет деген кеңес береді.

XS
SM
MD
LG