Accessibility links

ЕО Арменияға қаржылай көмек бермек


Арменияның экономика министрі Карен Чшмаритян (сол жақта) мен Еуроодақтың көршілік саясат және сыртқы кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан. Брюссель, 3 қараша 2014 жыл.

Арменияның экономика министрі Карен Чшмаритян (сол жақта) мен Еуроодақтың көршілік саясат және сыртқы кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан. Брюссель, 3 қараша 2014 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) алдағы үш жылда Арменияға жекеменшік секторын, әкімшілік басқару саласы мен сот жүйесін реформалауы үшін 140-170 миллион еуро аралығында қаржылай көмек беретін болды. Бұл туралы құжаттарға Брюссельде ЕО-ның көршілік саясат және сыртқы кеңею істері жөніндегі жаңадан тағайындалған комиссары Йоханнес Хан мен Армения экономика министрі Карен Чшмаритян қол қойды.

Хан ЕО мен Армения «ортақ мүдде тұрғысында ынтымақтастық орнатуға ынталы екенін» айтып, Брюссельдің Армениядағы реформаларға қолдау көрсететінін білдірді.

Чшмаритян Арменияның ұстанымын түсіністікпен қарағаны үшін Еуроодаққа өз елі атынан алғыс білдіріп, Ереванның сауда және инвестиция бойынша, экономиканың барлық салаларында реформалар жүргізуде ынтымақтастықты жалғастыруды қалайтынын айтты.

Армения 2013 жылы Ресей бастаған Кеден Одағына кіру туралы шешім қабылдағалы бері Еуропа Одағымен мұндай үлкен келісімді бірінші рет жасап отыр.

XS
SM
MD
LG