Accessibility links

Мәскеудегі "Орыс маршында" бірнеше адам ұсталды


Мәскеудегі "Орыс маршына" қатысушылар. 4 қараша 2014 жыл.

Мәскеудегі "Орыс маршына" қатысушылар. 4 қараша 2014 жыл.

Мәскеудің Люблино ауданында қарашаның 4-і күні өткен «Орыс маршына» қатысқан 20 адам ұсталды. ОВД-Инфо сайтының хабарлауынша, ұсталғандар «Люблино» қамау абақтысында отыр. Ұсталғандар арасында құрамына бірнеше әсіреоңшыл ұйымдар кіретін «Біріккен ымыраға келмейтін колонна» бірлестігінің өкілдері де бар. Марш кезінде алау жаққан белсенділер, «Азов» батальонының белгісі бар футболка киген қыз ұсталған.

Мәскеудегі Халық бірлігі күні ұйымдастырылған марштар Театр алаңында аяқталды. «Біз біргеміз» деп аталған акцияға парламенттегі «Единая Россия», «Справедливая Россия», ЛДПР және КПРФ партияларының өкілдері де қатысқан. Азаттық тілшісі шеруге бірнеше мың адам қатысқанын айтады. Ішкі істер министрлігінің Мәскеу басқармасы шеруге 75 мың адам қатысты дейді.

Петербургте Невский даңғылында өткен ұлтшылдардың рұқсат етілмеген шеруіне қатысқан алты адам ұсталған. Қарашаның 4-інде Овсянников бағында ұлтшылдардың билікпен келісілген «Орыс маршы славян халықтарының бірлігі үшін» деп аталған шеруі өткен. Акцияны «Санкт-Петербургтің славян күші» ұлтшыл ұйымы ұйымдастырған.

Халық бірлігі күні ұйымдастырылған митингілер мен шерулер Ресейдің бірнеше қаласында, оның ішінде Хабаровск, Краснодар, Екатеринбург, Калининград және Киров қалаларында да өткен.

XS
SM
MD
LG