Accessibility links

ТМД ішкі қауіпсіздігін күшейтпек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Астанада ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшыларының кезекті жиынына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент «жаңа қауіп-қатерлер туындап, террористік ұйымдар белсенді қимылдай бастаған шақта ұлттық қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтердің үйлесімді жұмыс істегені маңызды екенін» айтқан.

Кедендік одаққа меңзеген Назарбаев: «Шекаралар ашылды, құқық бұзушылар елдер аумағында емін-еркін жүре алады,-» деді.

Қазақстан президентінің айтуынша, Украинадағы ахуалға қатысты "жаңа қауіп жақындап келеді, мемлекеттер ішкі жағдайына тиісті шараларды қабылдауы қажет".

Жиында қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтердің ТМД аумағында лаңкестікке және экстремизмге қарсы тұру саласындағы өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралған.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі күн тақырыбындағы мәселелердің бірі – биылғы жылдың соңында Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскері шығарылғаннан кейін террористік іс-қимылдардың ТМД аумағына таралуына жол бермеу шаралары екенін хабарлайды.

XS
SM
MD
LG