Accessibility links

Тоқаев: Демократияны қолдан жеделдетуге болмайды


Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев «демократияландыруды сырттан таңуға болмайды» деп біледі. Бұл туралы ол бүгін Алматыда «Адамзаттың орнықты дамуының жаңа парадигмасы: G-Global – ғаламдық даму форматы» деген тақырыптағы халықаралық конференцияда айтқан.

Жиында «адамзаттың қауіпсіз дамуының он тезисі» туралы баяндамада жасаған Тоқаев «орнықты даму негіздерінің бірі ішкі – саяси тұрақтылық» екенін атап көрсеткен.

«Тәжірибе мұндай тұрақтылыққа демократия кепіл бола алатынын көрсетеді. Бірақ, демократияландыру – эволюциялық тенденция, оны қолдан жеделдетуге, сырттан таңуға тіпті болмайды. Әрбір мемлекеттің тарихи тәжірибесін, мәдени тенденцияларын және ұлттық менталитетінің ерекшелігін ескеру керек» деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

XS
SM
MD
LG