Accessibility links

Астанада даулы үй иелері жиын өткізді


Астана маңындағы Қоянды ауылының тұрғындары жер дауына қатысты жиында. Астана, 5 қараша 2014 жыл.
Астана маңындағы Қоянды ауылының тұрғындары жер дауына қатысты жиында. Астана, 5 қараша 2014 жыл.

Астананың іргесіндегі Қоянды ауылында үй салып, оның құжаттарын ала алмай жүрген тұрғындар бүгін баспасөз жиынын өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, «Халықтық коррупциямен күрес» ұйымының кеңсесінде өткен жиынға 30-дан аса адам қатысты. Жиынға тұрғындардың қоғамдық қорғаушысы Рәш Сұлтанова, Ақмола облысы Целиноград ауданының прокуроры Данияр Қуанышбаев та қатысқан.

Қоянды ауылында сырттан қоныс аударған ондаған қазақ отбасылары бұған дейін 2005 жылдан бастап осы ауылда үй салып, тұра бастағандарын, бірақ содан бері бірнеше әкім ауысып, жерлерінің құжаттарын ала алмай жүргендерін айтқан.

Жиында прокурор Данияр Қуанышбаев ауылда «160-тан астам үй заңсыз салынған» деді.

Күлішхан Домалай есімді тұрғын Қоянды ауылы әкімінің өздеріне «Ақмола облысының Зеренді ауданына көшуді ұсынып, жер беру мәселесі содан кейін ғана қарастырылатынын» айтқанын жеткізді.

Тұрғындардың жер мәселесіне қатысты Қоянды ауылының әкімдігінен бұл мәселеге қатысты түсінік алу мүмкін болмады.

XS
SM
MD
LG