Accessibility links

Ресей рублінің бағамы тағы түсті


Мәскеу қор биржасының сыртқы көрінісі. 31 қазан, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Мәскеу қор биржасының сыртқы көрінісі. 31 қазан, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Мәскеу қор биржасындағы ашық саудада рубльдің еуро мен АҚШ долларына қатысты бағамы тағы төмендеді. Бүгінгі саудада бір АҚШ доллары - 45 рубльге, ал бір еуро - 56 рубльге бағаланды.

Сарапшылар рубльдің құнсыздануына мұнай бағасының соңғы жылдардағы ең төменгі деңгейге арзандауы және өзін-өзі жариялаған Донецк мен Луганск «халық республикаларында» өткен «сайлаулар» да ықпал етті дейді. Ресейдің Донбасстағы сепаратистер «сайлауын» қолдауы бұл елге қарсы санкциялардың күшеюіне әкеп соғуы мүмкін.

Бұған қоса Ресей Орталық банкі бүгін валюталық интервенцияны шектеусіз жүргізу саясатынан бас тартты. Енді Орталық банк күнделікті валюталық интервенция көлемін 350 миллион АҚШ долларынан асырмайды.

Орталық банктің ресми мәліметтері бойынша, биыл қазан айында валюталық интервенцияға 29 миллиард АҚШ долларынан көп қаржы жұмсалған.

XS
SM
MD
LG