Accessibility links

Ресей ядролық қауіпсіздік саммитіне қатыспайды


АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.

Ресей АҚШ-қа 2016 жылы Чикагода өтетін ядролық қауіпсіздік саммитіне делегация жібермейтінін хабарлады. Саммитке 50-ге жуық мемлекет өкілдері қатысады. Саммит АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі жүргізіп отырған сыртқы саясаттың маңызды бағыты саналады.

Ресей өкілдері бұған дейін Чикагода 2010, 2012 және 2014 жылдары өткен барлық саммитке қатысып келген. АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки "өткен аптада саммиттің дайындық жиынына қатысудан да бас тартқан Мәскеудің енді саммиттің өзіне де қатыспайтынын" хабарлады.

Псаки Вашингтон Кремльдің шешіміне өкініш білдіретінін айтып, АҚШ пен Ресей "ядролық мәселелер бойынша басқа да жолдар арқылы өнімді жұмысын жалғастыра беретінін" жеткізді.

Ресей наурыз айында Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алған еді. Бұдан соң Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығыстар ушығып, АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы нашарлай бастаған.

XS
SM
MD
LG