Accessibility links

Иерусалимдегі шабуылды ХАМАС мойнына алды


Израиль полициясы Иерусалимдегі киелі саналатын орынға кірмек болған палестиналықтарды қуып таратып жатыр. 5 қараша 2014 жыл.
Израиль полициясы Иерусалимдегі киелі саналатын орынға кірмек болған палестиналықтарды қуып таратып жатыр. 5 қараша 2014 жыл.

Радикалды ХАМАС исламшыл ұйымы қарашаның 5-і күні Иерусалимге жасалған шабуылды мойнына алды.

Қарашаның 5-інде тегі араб ер адам көлігімен Израиль шекарашылары мен бейбіт тұрғындар тобын соққан. Бұдан соң ол көлігінен шығып, адамдарды металл таяқпен соққыға жығып, бір адамды өлтірген. Бұл оқиға кезінде 12 адам жараланды. Шабуыл жасаушының өзін полиция атып өлтірді.

Шабуыл бұдан екі апта бұрын тағы бір көлік бір топ адамды әдейі келіп қағып, бір әйел мен бір бала қаза тапқан ауданда болды. Шабуыл алдында Израиль полициясы Иерусалимнің ескі бөлігіндегі киелі саналатын орынға кірмек болған палестиналықтарды қуып таратқан еді. Қаланың бұл бөлігін палестиналықтар да, израильдіктер де өзінікі санап, дауласып келеді.

XS
SM
MD
LG