Accessibility links

Баку нарық бағасымен шектеулі бензин жеткізуі мүмкін


Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаев.

Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаев.

Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаев Әзербайжанның Қазақстанға бензин жеткізуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды қазақстандық және әзербайжандық ақпарат құралдары.

Агенттіктер Абдуллаевтың Қазақстан нарықтағы баға бойынша бензин сатып алу туралы ұсыныс білдірсе, әзербайжандық компания "тиісті көлемде бензин жеткізе алады" деген сөзін келтіреді. SOCAR басшысының айтуынша, компания Қазақстанға Әзербайжанның ішкі сұранысын өтеуге кері әсер етпейтіндей, шектеулі көлемде бензин экспорттауы мүмкін.

Қазақстан жаздан бері жанармай тапшылық көріп келеді. Елдегі жанармай құю станцияларында АИ-92 маркалы бензин көбінесе шектеумен сатылып жүр. Сарапшылар жанармай тапшылығын Ресейден бензин тасымалының ара-тұра іркіліп қалуынан және Ресейдегі бензин бағасының Қазақстандағыдан қымбаттығымен байланыстырады.

Статистика бойынша, Қазақстан жылына 2,8 миллион тонна бензин тұтынады. Ал қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары бұл қажеттіліктің тек 1,8 миллион тоннасын ғана өтейді.

XS
SM
MD
LG