Accessibility links

"Павлодар орыстары" видеосы тексеріліп жатыр


"Русские Павлодара (Павлограда) воссоединяйтесь" видеосынан скриншот. 3 қараша 2014 жыл.

"Русские Павлодара (Павлограда) воссоединяйтесь" видеосынан скриншот. 3 қараша 2014 жыл.

Қазанның 26-сы күні YouTube желісінде «Русские Павлодара (Павлограда) воссоединяйтесь» атты екі минуттық видеоролик жарияланып, әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді.

Қарашаның 6-сы күні Павлодар облыстық прокуратурасы Азаттыққа "бұл роликті тексере бастағанын" хабарлады.

"Павлодар облыстық прокуратурасы бұл роликке қатысты тексеру тағайындады" деп хабарлады прокуратураның баспасөз хатшысы Айымгүл Ермулатова.

Наразылық туғызған роликті әлеуметтік желі қолданушыларының көбі «бұл видео ұлттар арасына от салу, арандату мақсатында жасалған» деп бағалаған еді. Роликте «Русские, вперед», «Павлодар – русский город» деген сөздер бар. Бейнероликтің шекесіне Ресей туы мен свастика белгісі қойылған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG