Accessibility links

Өскеменде Эболаға қарсы жаттығу өтті


Эбола вирусының микроскоппен қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).

Эбола вирусының микроскоппен қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).

Өскеменде қауіпті Эбола вирусы пайда бола қалған жағдайдағы іс-шараларды пысықтауға арналған жаттығу өтті деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Жаттығу мына ретпен өтті. Мәскеуден Өскеменге шарты түрде ұшып келе жатқан Сьерра-Леоне мемлекетінің азаматының дене қызуы көтеріліп, Эбола вирусының алғашқы белгілері біліне бастайды. Экипаж жолаушы туралы ақпаратты әуежайға хабарлайды. 20 минут ішінде тұтынушылар құқығын қорғау департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, ішкі істер басқармасы қызметкерлері, дәрігерлер, жедел медициналық жәрдем қызметі, апатты жағдайдағы медициналық көмек орталығының қызметкрелері биологиялық қорғау костюмін киіп әуежайға барады. Ұшақ жерге қонғанша жедел штаб құрылып үлгереді. Штаб жұмысын облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы үйлестіреді.

Жаттығуға 70-тен астам адам қатысқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегі бойынша, әлемде қауіпті Эбола вирусын жұқтырғандар саны 10 мың адамнан асқан. Вирус негізінен Батыс Африка елдерінде кең таралып отыр.

XS
SM
MD
LG