Accessibility links

Брюссельде Орталық Азия жайлы жиын басталды


Желден электр қуатын алатын құрылғылар. (Көрнекі сурет).
Желден электр қуатын алатын құрылғылар. (Көрнекі сурет).

Брюссельде бүгін Орталық Азиядағы бекем энергетикалық саясат қалыптастыруға арналған конференция басталды.

Еуропа комиссиясы ұйымдастырған бір күндік жиында Орталық Азияда балама қуат көздері - жел, күн, су арқылы электр энергиясын өндіруде жеке меншік сектордың үлесін арттыру жайы да талқыланбақ.

Конференцияға Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның энергетика және табиғи ресурстары министрліктерінің шенеуніктері қатысып отыр. Жиынға Еуропа комиссиясының энергетика мәселелері жөніндегі лауазымды тұлағалары, банкирлер және балама энергия көздері мәселесімен айналысатын жекеменшік сектор өкілдері де барған.

XS
SM
MD
LG