Accessibility links

Қырғыз президенті бүгін Астанаға келеді


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін Қазақстанға ресми сапармен келеді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Атамбаев Астанаға ұшар алдында қырғызстандық журналистерге берген сұхбатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде электр энергиясын жеткізу мәселесін талқылайтынын айтқан.

"Өзбекстан газ жеткізуді тоқтатқаннан бері Қырғызстанда электр энергиясымен қамтамасыз етуде проблема туған. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселеде көмек көрсетуге ниетті,-" деген Атамбаев.

Қырғызстан жағы Атамбаев Қазақстан жағының шақыруымен сапарлайды дейді. Сапар барысында мемлекетаралық кеңес жиыны өтпек.

XS
SM
MD
LG