Accessibility links

Сириядағы «жиһадшылармен» соғыс


Содырлар қарашаның 6-сына ауған түні Сириядағы Түркия шекарасына жақын Идлиб провинциясының Харем қаласына АҚШ-тың әуе шабуылын жасағанын мәлімдеді. «Тұрғын үйлерге бомба түскені» туралы видеолар әлеуметтік желілерге шықты. Оларды түсірген адамдар ИМ-ге қарсы құрылған халықаралық коалицияның әуе шабуылдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапқанын [араб тілінде] айтады. Оған жалғас екінші видеода Сирия президенті Башар Ассад әскерінің Алеппо маңында зымыран атып жатқаны көрсетілген. Reuters бұл видеолардың шынайылығын тексере алмады. Алайда АҚШ армиясы өкілдері Идлиб провинициясына бекінген «Әл-Қаидамен» байланысы бар, ИМ-мен одақтас «Хорасан» тобы содырларына әуеден шабуыл жасағандарын растады.

XS
SM
MD
LG