Accessibility links

Берлин қабырғасының құлағанына - 25 жыл


Берлин қақпасына шығып тұрған солдаттар. 11 қараша 1989 жыл.
Берлин қақпасына шығып тұрған солдаттар. 11 қараша 1989 жыл.

Германия қарашаның 7-сінен бастап, үш күн Берлин қабырғасының құлағанына 25 жыл толғанын атап өтеді.

Германия канцлері, коммунистік Шығыс Германияда туып-өскен Ангела Меркель репрессивтік елден қашпақ болып қаза тапқандарды еске алу шараларын басқарады.

60 жастағы Меркель соңғы мәлімдемелерінің бірінде Берлин қабырғасының құлатылған күнін "ешқашан ұмытпайтынын, себебі азаттықты 35 жыл күткенін" айтқан.

Салтанатты шараларға қатысатын СССР-дің соңғы басшысы Михаил Горбачевті Берлин қабырғасында болған бұрынғы шекаралық бақылау бекетінде жұрт салатанатты түрде қарсы алмақ.

Берлиндегі еске алу шаралары қарашаның 9-ында (1989 жылы дәл осы күні Берлин қабырғасы бұзылған) үлкен фестивальмен аяқталады.

Мыңдаған адамның қатысуымен өтетін шараларға әншілер мен ардагер белсенділер де қатыспақ.

XS
SM
MD
LG