Accessibility links

Алматыда 1917 жылғы Қазан төңкерісін еске алды


Ленин ескерткіші алдында жиналған коммунистер. Алматы, 7 қараша 2014 жыл.
Ленин ескерткіші алдында жиналған коммунистер. Алматы, 7 қараша 2014 жыл.

Бүгін Алматыда коммунистер 1917 жылғы Қазан төңкерісіне 97 жыл толғанын еске алып, жиын өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қаладағы "Сарыарқа" кинотеатрының жанындағы саябақта өткен жиынға коммунистік партияларды жақтайтын, көпшілігі егде тартқан 30 шақты адам жиналған. Олар саябақтағы төңкеріс күрескерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жиынға қатысқандар СССР кезеңі мен қазіргі жағдайды салыстырып, Совет Одағы кезіндегі тұрмыстың қазіргіден тәуір болғанын" айтты. Өзін "Компартияның Алматыдағы филиалының хатшысымын" деп таныстырған Көпбосын Панзабеков "Украинадағы дағдарыс Батыс елдерінің араласуынан туындағанын, Ресейдің дұрыс жолда келе жатқанын" айтты.

Жиналғандар Қазақстанның Ресей бастаған Кеден Одағына, Еуразиялық экономикалық одаққа кіргенін құптайтындарын білдіріп тарқасты.

XS
SM
MD
LG