Accessibility links

Мәжіліс спикері Путинмен кездесті


Парламент мәжілісінің спикері Қабибулла Жақыпов Мәскеуде Ресей президенті, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Владимир Путинмен кездесті. Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жақыпов Путинмен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы кеңесінің мүшелерімен бірге кездескен.

Кездесу барысында экономикалық және саяси ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, терроризммен және есірткі айналымымен күрес жайы талқыланған.

ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы кеңесінің кезекті отырысы қарашаның 6-сы күні өткен. Кеңеске ҰҚШҰ-ға мүше Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей және Тәжікстан парламенттері палаталарының төрағалары кіреді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG