Accessibility links

Рубль одан әрі арзандады


Мәскеу қор биржасының сыртқы көрінісі. (Көрнекі сурет).
Мәскеу қор биржасының сыртқы көрінісі. (Көрнекі сурет).

Мәскеу қор биржасында бүгін рубль бағамы тағы төмендеді. Таңертеңгілік саудада 1 АҚШ доллары құны 48 рубльден, 1 еуроның бағасы 59 рубльден асты. Еуро мен долларды қоса алғандағы валюта жұбының бағамы қымбаттап, рекордтық деңгейге - 53 рубль 24 тиынға дейін көтерілді.

Ресей орталық банкі кеше валюта жұбы бағамының ең төменгі шегін 5 тиынға дейін көбейтетінін жариялаған. Ал қарашаның 5-і күні Орталық банк рубльді қолдауға жұмсайтын валюталық интервенцияның күндік көлемін 350 миллион АҚШ долларынан асырмайтынын мәлімдеген.

Сарапшылар Ресей рублінің құнсыздану үрдісін әлемде мұнай бағасының арзандауымен, сыртқы саяси жағдайлармен, оның ішінде Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресейге қарсы салынған санкциялармен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG