Accessibility links

Ақ үй Иракка 1500 әскери қызметкер жіберуді мақұлдады


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама 1500 әскери қызметкерді Иракқа жіберу туралы шешімді бекітті. Америкалық әскерилер Иракта «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен күресіп жатқан сол елдің қауіпсіздік күштері мен күрд жасақтарын оқытып-жаттықтырады деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест жұма күні.

Вашингтон қосымша жіберіп отырған 1500 әскери адам Бағдат пен Эрбилдегі ирак әскери нысандарында өздеріне жүктелген міндетті атқаратын болады.

Ақ үй әкімшілігі Конгресстен Ирак пен Сириядағы содырларға қарсы күрес шараларына сұрап отырған 5,6 миллиард доллардың 6 миллиардын жаңадан құрылған «Иракты жарақтандыру және дайындау» қорына бөлу көзделіп отыр.

XS
SM
MD
LG