Accessibility links

Астанада кранға шыққан наразы әйелді полиция алып кетті


Бағжан Аязбекованың (ортада) жеті күн кран басында өткізген наразылық шарасынан соң жерге түскен кезі. Астана, 4 маусым 2013 жыл.
Бағжан Аязбекованың (ортада) жеті күн кран басында өткізген наразылық шарасынан соң жерге түскен кезі. Астана, 4 маусым 2013 жыл.

Астанада бүгін таңертең құрылыс кранына шығып алған Бағжан Аязбекова есімді әйелді билік өкілдері жерге түсуге көндіріп, сосын полиция бөліміне апарған. Бұл туралы Азаттыққа оның туысы хабарлады.

Астананың Алматы полиция бөлімшесінде отырған Бағжан Аязбековамен телефон арқылы хабарластық.

– Маған келісім бойынша берешек несиенің жартысын беріп, жартысын бермеген «Цеснабанк» енді пәтерді саудаға қойып сатқалы жатыр. Мен бұған келіспеймін, сол үшін наразылық білдірдім, - деді ол.

Аязбекова полиция бөлімінде банктің үстінен бас прокуратураға арыз жазып отырғанын айтты. Астананың Алматы аудандық полициясы оның кранға шыққанына байланысты түсініктеме беруден бас тартты. «Цеснабанк» мекемесінен түсініктеме алу мүмкін болмады.

Көкшетау қаласының тұрғыны Бағжан Аязбекова мен келіні Гүлім Бабақова былтыр Астана қаласында құрылыс кранының басында жеті күн қарсылық шарасын өткізген. Оған дейін, 2012 жылы қарашада кіші ұлы екеуі Астанадағы жылу қазандығының мұржасына да шыққан Аязбекова «ақша бопсалған» деген айыппен жеті жылға сотталған ұлы Азамат Аязбековтің жазсықсыз екенін айтып, оны ақтауды талап еткен. Бірақ кейін Жоғарғы соттың қылмыстық істердің қадағалау алқасы Азамат Аязбековтің үкімін күшінде қалдырған еді.

XS
SM
MD
LG