Accessibility links

Батыс Қазақстанда жұмысшылар прокуратураға шағым берді


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Батыс Қазақстан облысындағы Чинарев кенішінде зауыт құрылысын салып жатқан «KазСтройСервис» компаниясы филиалының жұмысшылары еңбекақы туралы талаптарын айтып, жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Бұл туралы Азаттыққа өзін Асланмын деп таныстарған жұмысшылардың бірі жексенбі күні кешке хабарлады.

Орал қаласынан 60 шақырымдай жерде газ өңдейтін зауыт құрылысын вахталық әдіспен салып жатқан ондаған жұмысшы компанияның шетелдік жұмыскерлерге қарағанда өздеріне аз еңбекақы төлейтіндігіне наразы. Жергілікті басылымдардың жазуынша, олар қарашаның 7-і күні кешке, еңбекақы көлеміне қатысты талаптары орындалғанша жұмысқа шығудан бас тартатындарын мәлімдеген.

Бұл мәселеге байланысты «КазСтройСервис» компаниясының Оралдағы филиалы басшылығынан түсініктеме алу мүмкін болмады

Облыстағы Зеленов аудандық прокуратурасы «Казстройсервис» компаниясының жұмысшыларынан ұжымдық арыз түскенін растады. Оған қол қойғандар өздеріне осы компанияда жұмыс істейтін шетелдіктермен бірдей мөлшерде еңбекақы төленсін деген талаптарын жеткізген.

Геологиялық барлау мәліметтері бойынша, Чинарев кенішінде 49 миллиард текше метр табиғи газ және 35 миллион тонна мұнай қоры бар. Nostrum Oil & Gas компаниясы иелік ететін бұл кеніштің операторы – қазақстандық «Жайықмұнай» мұнай компаниясы.

XS
SM
MD
LG