Accessibility links

Каталонияда бейресми референдум өтіп жатыр


Каталония тәуелсіздігін қолдаушылар шеруі. (Көрнекі сурет)

Каталония тәуелсіздігін қолдаушылар шеруі. (Көрнекі сурет)

Испанияның біртұтас болуын жақтайтын орталық үкіметтің қарсылығына қарамастан, Каталонияда бүгін аймақтың тәуелсіздігі туралы бейресми референдум өтіп жатыр.

Соңғы айларда аймақтың тәуелсіздік алуын көздейтін науқанға белсене атсалысқан Каталонияда тұратын азаматтық белсенділер, қоғамдық және саяси қайраткерлер сайлаушылар референдумге дауыс береді деп үміттенеді. Олар аймақта сепаратистік көңіл-күйдің күшеюі орталық билікті келіссөздерге баруға мәжбүр етеді деп сенеді. Каталония тұрғындары ең болмағанда салық және саяси мәселелерді шешуде аймақтың автономиясын кеңейтуді талап етіп отыр.

Қоғамдық сауалнама нәтижесі көрсеткендей, тұрғындардың 80 пайызы Мадридттен кеңірек автономия алуды қолдайды. Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқан каталониялықтардың жартысы аймақтың толық тәуелсіз болғанын қалайтындарын білдірген.

Каталония тәуелсіздігі жолындағы ұзақ жылғы қозғалыс соңғы жылдары елде экономикалық рецессия тереңдей түскенде қайта күшейген. Испанияның жалпы ұлттық ішкі өнімінің 20 пайызға жуығы Каталонияның үлесіне тиесілі. Аймақтағы жеті жарым миллион халық өз тілінде сөйлеп, мәдени және тарихи салт-дәстүрін ұстанады.

XS
SM
MD
LG