Accessibility links

"Ислам мемлекеті" тобының басшысы жараланғаны хабарланды


"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдади деп сипатталатын адамның фотосы.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдади деп сипатталатын адамның фотосы.

Иракта «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдади жараланған деген хабар тарады. Associated Press агенттігі Ирак билігінің екі өкілінің сөзі мен мемлекеттік телеарна ақпаратына сілтеме жасап, Әбу Бакр әл-Бағдади қарашаның 8-і күні Ирактың Анбар провинциясының Каим қаласында әуе соққысы кезінде жараланған деп хабарлады.

Агенттік мұндай ақпарат экстремистік ұйымның ішкі қызметінен хабары бар дерек көзінен алынғанын айтады. Бірақ әл-Бағдадидің нақты қай жерінен жараланғаны белгісіз.

Reuters агенттігі Ирак әскері елдің солтүстігіндегі Баидж қаласына жылжып, Ирактағы ең ірі мұнай өңдеу зауытындағы қоршауды бұзуға тырысып жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG