Accessibility links

Мәскеу мен Пекин 17 келісімге қол қойды


Қытай басшысы Си Цзиньпин (оң жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Пекин, 9 қараша 2014 жыл.

Қытай басшысы Си Цзиньпин (оң жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Пекин, 9 қараша 2014 жыл.

Пекинде қарашаның 9-ы күні Азия-Тынық мұхит аймағы экономикалық ынтымақтастығы саммиті қарсаңында Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай президенті Си Цзиньпин кездесіп, екі ел делегациясы 17 келісімге қол қойды.

Қол қойылған құжаттар арасында "Газпром" мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) Ресейден Қытайға батыс маршруты бойынша - "Алтай" газ құбырымен табиғи газ тасымалдау туралы алдын-ала келісім бар.

"Газпром" басшысы Алексей Миллердің сөзіне қарағанда, газ Батыс Сібір кен орнынан тасымалданады. "Газпром" өкілі Сергей Куприяновтың РБК агенттігіне айтуынша, "батыс маршрут" арқылы Қытайға жылына 30 миллиард текше метр газ тасымалдау жоспарланып отыр. Газ сату-сатып алу туралы келісімнің өзіне келесі жылы қол қойылмақ. Бірақ ол келісім-шарт құнын айтпады.

"Газпром" мен CNPC мамыр айында Қытайға шығыс бағытта "Сібір күші" газ құбырымен жылына 38 миллиард текше метр газ тасымалдау туралы 30 жылдық келісімге қол қойған.

Пекинде сөйлеген Путин Ресей мен Қытайдың өзара әрекеттестігі "әлемді халықаралық құқық аясында, барынша тұрақты етіп ұстап тұру үшін өте маңызды" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG