Accessibility links

Үш ғарышкер Жерге оралды


"Союз ТМА" ғарыш кемесі капсуласының Жерге қону сәті. (Көрнекі сурет)

"Союз ТМА" ғарыш кемесі капсуласының Жерге қону сәті. (Көрнекі сурет)

Ресей ғарышкері Максим Сураев, АҚШ ғарыш агенттігі (НАСА) автронавты Рид Вайзман және неміс автронавты Александр Герст 167 күн ғарышта болып, бүгін Жерге оралды. Халықаралық ғарыш станциясындағы ғарышкерлерді алып қайтқан «Союз ТМА-13М» ғарыш кемесінің капсуласы 10 қараша күні таңертең Қазақстанның Арқалық қаласының солтүстігіне қарай аумаққа қонған.

«Роскосмостың» хабарлауынша, ғарышкерлермен бірге ғарыштағы салмақсыздықтың көпклеткалы организмдердің дамуына ықпалын зерттеу барысында алынған дрозофиль шыбынының «жаңа ғарыштық түрі» де Жерге оралған. Шыбындар халықаралық ғарыш станциясына биыл қазан айында «Прогресс М-25М» жүк кемесімен жөнелтілген.

Қазір халықаралық ғарыш станциясында ресейлік Александр Самокутяев пен Елена Серова, америкалық Барри Уилмор қалды. Келесі экипаж ғарышқа қарашаның 24-і күні ұшырылмақ.

XS
SM
MD
LG